ШЫМКЕНТ: қала әкімі «Фосфоршылар» сарайының жағдайымен танысты

0
469

Аталған нысан – әзірге жеке серіктестіктің мүлкі.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі «Фосфоршылар» сарайының жағдайымен танысты

Шымкент қаласының әкімі «Фосфоршылар» сарайының жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде 89 жастағы ақсақал Өркен Әбдіреев қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің назарын «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалына аударды. Тыл және еңбек ардагерінің ұсынысын ескерген қала басшысы нысанға арнайы барып, жағдайымен танысты.

Аталған нысан – әзірге жеке серіктестіктің мүлкі. Ал серіктестіктің үлесі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атына республикалық меншікке тіркелген.
Осыған дейін қала әкімдігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен серіктестіктің жарғылық капиталынан «Фосфоршылар» сарайын мүлік ретінде бөліп шығарып, коммуналдық меншікке беру туралы ұсынысын жолдаған.
Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізуде.
Қала басшысы жауаптыларға осы бағыттағы кешенді шараларды заң шеңберінде жүргізіп, ғимаратты елдің игілігіне пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берді.