ШЫМКЕНТ: ​ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

0
143

Іс-шара аясында мегаполис басшысы этномәдени бірлестіктердің қолөнер көрмесімен, жас кәсіпкерлердің жобаларымен танысты.


ШЫМКЕНТ: ​ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Шымкентте бейбітшілікті, келісім мен халықтар арасындағы достықты дәріптейтін еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Бірлігіміз жарасқан» атты салтанатты жиында тұрғындарды құттықтап, ұлттық бірлікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тарихи дәстүр бірлік пен келісімге ұмтылу әрқашан халқымыздың басты құндылықтарының бірі болғанын көрсетеді. Бұл мереке әр шаңыраққа ынтымақ пен бірлік, жылулық әкелсін!», - деді Ғ. Сыздықбеков.
Сондай-ақ бүгінде Қазақстан тұрақтылық пен этносаралық келісімнің үлгісіне айналғанын, ал Шымкент - жүзден астам ұлт өкілдері құрмет пен достық атмосферасында өмір сүретін қала екенін атап өтті.
Іс-шара аясында мегаполис басшысы этномәдени бірлестіктердің қолөнер көрмесімен, жас кәсіпкерлердің жобаларымен танысты. Сондай-ақ, ол қаланың дамуына, этносаралық үйлесімділікті нығайтуға және экономикалық өркендеуге елеулі үлес қосқан азаматтарға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.
Шығармашылық ұжымдар мен этномәдени бірлестік өкілдері ұлттық салт-дәстүрлер мен өнерді ұлықтап, мерекені айшықтай түсті.
Сондай-ақ қала әкімі Шымкент алдағы уақытта да бейбітшілік пен келісімнің тірегі, тату көршілік пен рухани бірліктің үздік дәстүрлері сақталатын құтты мекен болатынына сенім білдірді.
Бөлісу