Кәсіпкерлер жер телімдерін қайтару, инфрақұрылыммен қамту бойынша бірқатар өзекті мәселені жеткізді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Жұлдыз» индустриалды аймағында салынып жатқан бірқатар кәсіпорынның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Ferrum Constraction & Chemical» ЖШС-і толық іске қосылғанда жылына 60 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын шығарады. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайыз аяқталған. Кәсіпорынды биыл іске қосу көзделуде.
Ал "Оңтүстік Plastic KZ" кәсіпорны үйлерге арналған жаңбыр суағарлары мен кәріз құбырларын өндіреді. Зауыттың өндірістік қуаты айына 600 тоннаны құрайды. Қала басшысы аталған кәсіпорынның құрылыс-монтаж жұмыстарын да қадағалады. Жоба биыл жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлер жер телімдерін қайтару, инфрақұрылыммен қамту бойынша бірқатар өзекті мәселені жеткізді. Қала әкімі жауаптыларға құрылыс барысындағы кедергілерді тез арада жойып, мемлекеттік қолдау шаралары аясында кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.