ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің орынбасары білім нысандарының құрылысымен танысты

0
743

Шыңғыс Жұмабекұлы мердігер мекеме басшыларына жұмысты сапалы орындап, құрылысты жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің орынбасары білім нысандарының құрылысымен танысты

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында бүгінде 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Жауапты мердігер – «ШАХ құрылыс компаниясы» ЖШС.

1989 жылы салынған мектеп 33 жылда бірінші рет күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда терезе орнату 90, сылақ 60, жылу жүйелері 20, электр желілерін тарту жұмыстары 50 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған. Мердігер мекеме өкілдері құрылысты қыркүйек айына дейін аяқтауға уәде берді.

Сонымен қатар, А.Навои атындағы № 11 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінде жалпы жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жауапты мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС нысан құрылысын 20 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.

Шыңғыс Жұмабекұлы мердігер мекеме басшыларына жұмысты сапалы орындап, құрылысты жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.

2022 жылы 5 білім беру ұйымында (№11, №50, №107 мектеп, 1 балалалар үйі, 1 арнайы мектеп-интернат) күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. 4 мекеменің ЖСҚ-ы дайын. Одан бөлек, 20 мекемеге ЖСҚ дайындалуда.

Айта кетейік, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Шымкент қаласы Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Бұл жердегі Полиция Департаментінің жауапты инспекторлары мектептердегі қауіпсіздікті тікелей бақылап отырады. Одан бөлек, мектептердің кіреберістеріне адам келбетін танитын турникеттер орнатылған және арнайы мамандандырылған күзет қызметтерімен 100% келісім шарт түзілген.