Қоғамдық қабылдау WhatsApp желісінің видеоқоңырауы арқылы жүргізілді.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қабылдауға тұрғындар әкімдіктік сайтындағы өтінім беру терезесі арқылы және әлеуметтік желі арқылы тіркелген.
Тұрғындардың мәселелерінің көпшілігі жол сапасы, қоғамдық көлік мәселесі және спорт алаңшалары мен жұмыскерлердің еңбек құқығының сақталуы туралы болды.
Мақсұт Пернебайұлы азаматтардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, басқарма басшыларына тез арада назарға алып, шешуін тапсырды.
Қоғамдық қабылдау карантиндік талаптарға сәйкес онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырауы арқылы жүргізілді.