ШЫМКЕНТ: Қала мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті

0
724

Сессияда қала мәслихатының шешімімен 2022 жылға арналған қала бюджет нақтыланды.


ШЫМКЕНТ: Қала мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті

Шымкентте қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезекті он жетінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сессия отырысында қала бюджетінің атқарылуы, инфрақұрылымды дамыту және медициналық көмек пен дәрілік заттармен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Бұдан бөлек, үшінші мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Сессияда қала мәслихатының шешімімен 2022 жылға арналған қала бюджет нақтыланды. Бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 84,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 573,7 млрд. теңгеге құрады. Қосымша қаралған қаржылар қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.
Қала аумағындағы кондоминиум объектісін басқару мен ортақ мүлікті күтіп ұстау шығыстарының ең төменгі мөлшері айына 27,3 теңге болып бекітілді.
Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген тегін медициналық көмек пен дәрілік заттардың тізбесіне толықтырулар енгізіліп, 2 дерт бойынша 25 дәрілік зат тізіміге қосылды.
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ақпан айында бекітілген қала тұрғындарына есеп беру кездесулерінің кестесіне өзгерістер енгізілді. Айта кетсек, осы жылдың І жартыжылдығында 84 кездесу өтіп, 8 мыңнан астам адам қатысқан. Жиын барысында тұрғындардан 874 мәселе бойынша ұсыныс түскен.
Сонымен қатар, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру бойынша 10 азаматтың кандидатурасы бекітілді.
Жиын соңында М.Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін шешімдер қабылдаған депутаттар корпусына алғысын жеткізді.
Күні кеше қаламызда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл шараны ұйымдастыруда сіздердің үлестеріңіз мол. Осыған орай, Сіздерге алғысымды білдіремін! Сонымен қатар, 19 маусымда Шымкент қаласының республикалық қала мәртебесін алғанына 4 жыл толады. Қала күніне орай бірқатар маңызды іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Сіздерді іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз, - деді қала әкімі.