Шымкент қаласының көшелерінде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оның арасында көшелердегі жол сызықтары, жаяу жүргіншілер сызықтары сияқты көлік жүргізушілер үшін маңызды болып табылатын жол таңбаларын қайта сызу жұмыстары бар.
Көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында жол сызықтары түнгі уақытта сызылып жатыр.
Жалпы, Шымкент қаласында биыл 1000 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады.