Халық қалаулылары сессияның күн тәртібінде қаралған мәселермен ұсыныстарға қолдау білдірді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезекті алпыс екінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сессияның күн тәртібінде Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының орындалуы, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық кәсіпорындарының қызмет тиімділігін арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тарихи-мәдени мұраларын қорғау сынды 22 мәселе қаралды.
Сессияда сөз алған қала басшысы депутаттарға елдегі экономикалық ахуал жөнінде айтып, бюджетті оңтайландыру қажеттігін және мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға назарға алды. Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер мен ұсыныстарға қолдау білдірді.