Әкімдік қызметкері жарақат алған.
Бүгін, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс оқиғасы орын алды.
Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде жарақат алған адамның әкімнің орынбасары екендігі айтылуда.