​Шымкент қаласынан халықаралық бағытқа тікелей әуе рейс ашылады

0
102

Бұл рейс Орталық Азия мен Еуропа арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді.


​Шымкент қаласынан халықаралық бағытқа тікелей әуе рейс ашылады

көрнекілік фото: livejournal.com

Биыл, 27 мамырдан бастап, SCAT әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады.

Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері “Boeing 737” әуе кемелерімен орындалады.
Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Венгрия арасындағы экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, бұл рейс Орталық Азия мен Еуропа арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бүгінде Шымкент қаласының әуежайынан әуе қатынастары 7 ішкі (аптасына 256 рейс) және 10 халықаралық (аптасына 48 рейс) бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Ішкі бағыттар: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Петропавл.
Халықаралық бағыттар: Стамбул, Мәскеу, Анталья, Дубай, Доха, Жидда, Шарм-эль-Шейх, Пхукет, Медина, Фукуок.
Бөлісу