Жарық шамдармен қамтылған көшелер саны 20 есеге артты.
Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жол инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында ауқымды жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, бір жыл ішінде жарық шамдармен қамтылған көшелер саны 20 есеге артып, 2 270 көше түнгі жарықпен қамтамасыз етілді.