Қала әкімімен бірлесіп, тоқсан сайын су тасқыны қаупі бар учаскелерді аэровизуалды шолу жүргізілуде.
2025 жылға арналған су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу үшін Шымкентте Департамент жергілікті атқарушы органмен бірлесіп алдын алу іс шаралары жүргізілуде.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының барысы туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.
Жол картасын іске асыру шеңберінде 6 елді мекенде Бадам өзенінің арнасының 9 шақырымын түзету және жағалауды нығайту жұмыстарына 5,1 млрд теңге бөлінді.
Инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде шамамен 2 млрд теңге сомасына 34 шақырымнан астам ирригациялық жүйе орнатылды.
Қала әкімімен бірлесіп, тоқсан сайын су тасқыны қаупі бар учаскелерді аэровизуалды шолу жүргізілуде.
Қазіргі таңда қала аумағында 20 су басу қаупі бар проблемалық участкілер анықталған, атап айтқанда Абай ауданында – 2 участок, Әл-Фараби ауданында – 1 участок, Еңбекші ауданында – 11 участок, Қаратау ауданында – 4 участок, Тұран ауданында – 2 участок анықталған.
Төтенше жағдайлар кезінде 167 құрама эвакуациялық пункт дайындыққа келтірілді.
Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда көмек көрсету мақсатында басқа өңірлерге жіберу үшін 3 эшелон тұратын 93 жеке, 15 бірлік техника, 26 мотопомпа және 7 жүзу құралдарынан тұратын күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Алдағы уақытта су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасатын болады.