Шымкент қаласының әкімі бірнеше құрылыс нысандарын аралады

0
1 226

Шымкент қаласындағы Қонаев көшесінің құрылысы 2020 жылы толық аяқталады.


Шымкент қаласының әкімі бірнеше құрылыс нысандарын аралады

Мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов бірнеше құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілішсі.

Ең әуелі, А-2 «Алматы – Ташкент – Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы жолайрығының оң жақ өткелдерін қайта құру жұмыс барысымен танысты.

Шаһар басшысы құрылысты жүргізуші мердігерге жұмысты таяу арада бітіру керектігін айтып, нақты тапсырма берді.

Айта кетсек, құрылыстың құны 865,201 млн. теңгеге жобаланған. Әзірге игерілген қаржы 401,000 млн. тенгені құрап отыр. Осы жолайрықтар аяқталған жағдайда Шымкент қаласында көлік кептелісі мәселесі біршама шешілетін болады.

Мердігер компания - "Корпорация Береке-А" болса, бас жобалаушы - "СК Инжиниринг" ЖШС.

Аталмыш көшенің құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Алайда, ауа-райы қолайсыздық тудырмаса, құрылыс уақыты ертерек аяқталуы мүмкін дейді сала мамандары.

Сондай-ақ, қала әкімі Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстарымен де танысты. Биыл бұл жұмысты жалғастыру үшін қазынадан 269,580 млн.теңге қарастырылған.

Көшенің ұзындығы 58 шақырымды құрамақ. Ал, ені 6 жолақты 23 м болады деп жоспарлануда.

«ОтауСтрой» ЖШС-і қолға алған бұл жоба жыл соңы желтоқсан айында аяқталмақ. Мәдени қаладағы Қонаев гүлзары Түркістан көшесінен Темір жолға дейін жалғасады.