Шымкент қаласының әкімі "Зәуре" шаруа қожалығының жұмысымен танысты

0
1 011

"Зәуре" шаруа қожалығы бірінші айналымнан 750 тонна қияр алуды көздеп отыр.


Шымкент қаласының әкімі

Мегаполис басшысы жақында ғана іске қосылған "Зәуре" жылыжайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы аумағы 3 гектар жерді құрайтын жылыжайдың негізгі өнімі - қияр. «Тристан» деп аталатын қиярдың алғашқы өнімін жинау бірер күнде басталады деп күтілуде. Бірінші айналымнан алынатын жоспарлы 750 тонна өнімді солтүстік аумақтар мен Ресейге жөнелту жоспарланған.

Жылыжай кешенін салу жобасы 2019 жылы жүзеге асырылды. Жалпы инвестиция көлемі 900 млн. тг. құраса, оның ішінен 700 млн. тг. жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етіліп, 175 млн. тг. мемлекет тарапынан субсидияланған. 10 адам тұрақты, 20 адам ауыспалы жұмыс орнымен қамтылды.

Сонымен қатар, аталған бағыттағы жылыжай өнімдерін бір орталыққа бірігу арқылы өзара кооперация құрып, тауарлы партия қалыптастырылып, делдалдардың қатысуынсыз Ресейге тікелей экспорттау жоспарлануда.