Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылды

0
791

6 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша Шымкентке 215 098 турист келген.


Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылды

Шымкент қаласының туристік ағынын арттыру және туристік өнімді жарнамалау мақсатында Пекин қаласында туристік бизнес өкілдеріне ақпараттық «Road Show» ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Роуд-шоуға түрлі туристік және әуе компаниялардың 40-тан астам өкілі қатысты. Қатысушыларға Шымкенттің көрікті жерлерінің табиғи пейзаждары мен бейнероликтер көрсетіліп, ұлттық тағамдардың гастрономиялық дәмін тату және «Шымкент шайы» ұсынылды.
Жақында Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енген болатын. Бұл екі ел азаматтары үшін жеке істер, туризм, ем қабылдау, халықаралық тасымалдар, транзиттік және іскерлік мақсаттар бойынша шекара асатын жағдайда визалық талаптардан босатылып, туристік қатынастарда үлкен потенциал бермек.
Бүгінде 6 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша Шымкентке 215 098 турист келген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мыңнан асыру жоспарлануда. Соның ішінде сырттан келуші турист санын арттыруға аса мән беріліп отыр.
Айта кетейік, іс-сапар барысында туризм саласы өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.