ШЫМКЕНТ: Қарабастау тұрғын алабында ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
894

Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.


ШЫМКЕНТ: Қарабастау тұрғын алабында ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Қарабастау тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі шалғай елді-мекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
Осы мақсатта Еңбекші ауданына қарасты “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.
Қазіргі таңда “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Алдағы уақытта “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 484 абонетті ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілмек.
Айта кетейік, аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.