ШЫМКЕНТ: Қонаев даңғылы құрылысының 6-кезеңі аяқталды

0
145


ШЫМКЕНТ: Қонаев даңғылы құрылысының 6-кезеңі аяқталды

Шымкентте қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 16,3 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда.

Бұл қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытуда іске асырылып жатқан ірі нысандардың бірі.

Бүгінде қаланың күретамыры саналатын Қонаев даңғылының бір бөлігі, Оңтүстік айналма жолына дейінгі аралығында құрылыс жұмыстары аяқталып, көше жарықшамдары толық іске қосылды. Жобаға сәйкес 6 -кезеңнің ұзындығы 2 шақырым, 6 қозғалыс жолағы бар.
Бөлісу