ШЫМКЕНТ: «Қорғаныс және еңбекке даярмын» атты іс-шара өтті

0
769

Іс-шара барысында мектеп оқушыларымен серпіліс, қол күрес және 100 метр қашықтыққа жүгіруден жарыс, қару-жарақты шашып-жинау жаттығулары өткізілді.


ШЫМКЕНТ: «Қорғаныс және еңбекке даярмын» атты іс-шара өтті

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №46 мектеп-лицейі оқушыларымен «Қорғаныс және еңбекке даярмын» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты - жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында мектеп оқушыларымен серпіліс, қол күрес және 100 метр қашықтыққа жүгіруден жарыс, қару-жарақты шашып-жинау жаттығулары өткізілді.

Сонымен қоса, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент мамандандырылған колледжі студенттерімен «Әскери өмірге баулу» атты әскери-спорттық шара өтті. Аталған іс-шараның мақсаты - әскери борышын өтеуге деген жастардың қызығушылығын арттыру. Әскери-спорттық ойындармен сайыстар ұйымдастыру арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Шара барысында колледж студенттері серпіліс, қол күрес және автоматты уақытқа шашып-жинау сынды өзара жарысқа түсті.

Еске сала кетейік, Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша 700-ден астам жерлесіміз әскери киім киіп, Отан қорғаушылар қатарына қосылады. Әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес қазір ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, одан кейін – Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады. Әскерге жіберілмес бұрын шақырылушылар медициналық комиссиядан, тесттерден және сұхбаттан өтеді, онда қызмет етуге мотиві мен психологиялық көңіл-күйі анықталады. Әскерге шақыру комиссиясы бірінші кезекте техникалық мамандық алған, дене дайындығы жақсы, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және ең бастысы әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларға басымдық береді.