Жыл соңында іске қосу жоспарланған.
Шымкент қаласы Қызылжар тұрғын алабын сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жыл соңында іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда Шымкент қаласының 92%-ы сапалы интернетпен қамтылған. Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының дерегінше, 2020 жылы интернет сапасы төмен және шалғай орналасқан Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станциялар орнатылды. Нәтижесінде 11 елді мекен 51700-ге жуық қала тұрғындары сапалы интернетпен қамтылды.
Ал, өткен жылы қала аумағына және қаладан шалғай орналасқан Тұран, Шымсити, Шымсити-2, Асар-2, Асар, Достық, Солтүстік-Батыс, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Айкөл, Ақтас шағын ауданына базалық станция А-2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ, Тассай, Құрсай, Р-32, Ынтымақ-2, Абдулабад, Забадам, Қайтпас-1, Нұртас, Асар, Самал-3 шағынауданына базалық станциялар орнатылып, жалпы он төрт тұрғын алабының 136 071 тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді. Сонымен қоса, қаладан шалғай орналасқан 10 елді мекенге талшықты оптика желісі жүргізіліп, жүз мыңға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтылды.
Абай ауданы Қызылжар тұрғын алабында 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды. Бүгінде Қызылжар тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр. Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселді: Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3. Жарықтанырылған көшелер саны - 3. Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды.