​ШЫМКЕНТ: Мектепте жаппай уланып қалғандардың саны 45-ке жетті

0
1 259

Табиғи газдың таралуы жөніндегі болжам расталған жоқ.


​ШЫМКЕНТ: Мектепте жаппай уланып қалғандардың саны 45-ке жетті

Шымкенттегі жаппай уланып қалғандардың саны 45-ке жетті. Олар қаладағы 6-шы емхананың токсикологиялық бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еске салайық, кеше, 18 наурыз күні сағат 17.00 шамасында Шымкенттегі 54-ші мектепте оқушылар мен мұғалім, тазалықшы уланып ауруханаға түскен болатын.

Бүгін осы мектепке тиісті сала жетекшілерімен бірге Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов келіп, орын алған төтенше жағдайдың шығу себептерін анықтау жөніндегі жұмыстардың атқарылу барысымен танысты.

Қала әкімі мектепті толық аралап шығып, Ынтымақ шағын ауданындағы газ тарату пуктінде болды. Мамандар мектеп іші мен сыртындағы ауаның сынамасын алып, лабороториялық тексеруден өткізді. Табиғи газдың таралуы жөніндегі болжам расталған жоқ.

Мектептің санитарлық ахуалы қалыпты, адам денсаулығына келер қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасады.
Мектеп 20 наурыздан бастап өз жұмысын жалғастыратын болады. Білім ошағында тиісті сала мамандарынан тұратын кезекшілік бекеті қойылған.
Жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауына алынған.