ШЫМКЕНТ: Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту алдағы 4 жылда шешіледі

0
683

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі қала активінің отырысында мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту алдағы 4 жылда шешіледі

Шымкент әкімі қала активінің отырысында жаңа мектептер салу, заман талабына сай жабдықтау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып отырғанын баяндай келе, материалдық-техникалық базаны жақсарту жұмыстары алдағы 4-5 жыл көлемінде толықтай шешілетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Балалардың білімін арттыру мәселесінде жан-жақты ойластырылған стратегияны ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Түлектің білімі еңбек нарығына бейімделуін қамтамасыз ету үшін қалалық білім басқармасына балаларды қосымша біліммен қамту, жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау, колледждерде еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқыту жүйесін қалыптастыру мәселесінде жүйелі жұмыстарды іске асыруды тапсырды.