Шымкент мектептері 100% адам келбетін танитын турникеттермен қамтылады

0
668

Қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.


 Шымкент мектептері 100% адам келбетін танитын турникеттермен қамтылады

Шымкент қаласында мектептерді адамның келбетін танитын турникеттермен 100% қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай, бас партияның Шымкент қалалық филиалы өкілдері басқарма басшысы Жанат Тажиеваның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалуы бойынша баяндамасын тыңдады.
Жиынға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Төлегенов пен қалалық мәслихат депутаттары және мектеп директорлары қатысты.
Айта кетейік, қаламызда жылдан-жылға халықтың демографиялық өсімі байқалады. Бұл жағдай өз кезегінде білім нысандарына деген сұранысты арттырып отыр. Осыны ескерген Ж.Арысбекқызы бес жылда үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін тауып, жаңадан 72 мектептің ел игілігіне берілетінін атап өтті. Сонымен бірге, басқарма тарапынан мұғалімдердің біліктіліктерін арттыруға да басымдық беріліп отыр. Бұл ретте басқарма басшысы жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесін 30 пайызға арттыру мақсатында жүйелі жұмыстардың жүргізіліп отырғанын жеткізді.
Қазіргі таңда оқушылардың қауіпсіздігі де басты назарда. Алдағы уақытта басқарма тарапынан мектептерді адамның келбетін танитын турникеттермен 100% қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Жиында алдағы уақыттарда да Ж.Тажиева Жол картасы бойынша басқармаға тиісті бағыттардың барлығы өз деңгейінде сапалы әрі уақытылы орындалатынын мәлімдеді.