Шымкент мектептерінде модификацияланған жабдықтармен қамтылған кабинеттер 68%-ға артты

0
696

2022 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2 556,9 миллион теңге қаржы қаралған.


Шымкент мектептерінде модификацияланған жабдықтармен қамтылған кабинеттер 68%-ға артты

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөден

Шымкент мектептерінде жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 32,2%-дан 68%-ға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021 жылы мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет, 178 интерактивті тақта алынған. Оның ішінде 50-физика, 95-химия, 82-биология, 13-STEM, 23-робототехника кабинеттері. Нәтижесінде, мектептерде жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 32,2%-дан 68%-ға артып отыр.

2022 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2 556,9 миллион теңге қаржы қаралған. Жалпы 372 кабинет және 610 дана жабдықталған интерактивті панельдер орнатылады.
Аталған жұмыстар орындалса мектептерде жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 68%-дан 72,0% артатын болады.
2021-2022 оқу жылына 1 160 456,0 мың теңге қаржыға 1, 4, 9, 11 сыныптарға оқулықтар, 26 112 дана 107 түрлі көркем әдебиеттер сатып алынды. 2022-2023 оқу жылына «Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша көркем әдебиеттерді» сатып алу және оны тасымалдауға жергілікті бюджеттен 1 658,6 миллион қаржы бөлініп отыр.
2021 жылы дизайнерлік жұмыстарға 408,8 миллион теңге бөлініп, 34 мектепке дизайнерлік жұмыстар жүргізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері 100 пайыз орнатылған. 2021 жылы бейнебақылау жүйесін орнатуға 545,9 миллон теңге бөлінген. Сонымен қоса, білім беру ұйымдары ғимараттарының кіреберістері 100% турникетпен қамтылған. Бұл жұмыстарға 359,4 миллион теңге қаралған.
Мектептерде 100% дабыл батырмалары орнатылып, полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен100% келісім-шарт түзілген.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дана. Оның ішінде компьютер – 24 029, ноутбук – 28 516, планшет – 4 201.
Шымкент қаласында білім алушыларға онлайн форматында қалыпты жағдайда білім беру мақсатында 2020 жылдың өзінде 47 330 компьютерлік құрылғылар сатып алынған (компьютер – 18 413, ноутбук – 24 716, планшет – 4 201). 2021 жылы қосымша 190 дана компьютер сатып алынды. Қаралған қаржы көлемі 39,0 миллион теңге құрайды.
Бүгінгі таңда қала бойынша мектептерде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды. Бұған дейін 27 оқушыға 1 компьютерден келетін болған.
Айта кетейік, 2022 жылы 5 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізуге 2 372,8 миллион теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.