​ШЫМКЕНТ: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі артты

0
724

Қордың басты - мақсаты осылайша халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту.


​ШЫМКЕНТ: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі артты

ERNUR.KZ. Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі артты.

Тұрғындардың МӘМС жүйесінде қамтылу көрсеткішінің артқаны да байқалады. Бүгінгі таңда 927 579 азамат, яғни халықтың 82,1 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде.

МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі тұрғындар үшін жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызмет пен есепте тұрған науқастардың дәрі-дәрмекпен қамту аясын кеңейткен. Азаматтар осылайша ай сайынғы жарна есебінен медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болуда.
ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің телеарна журналистеріне берген сұхбатында айтылғанындай, жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде МӘМС қаражатының есебінен 269 науқасқа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Биыл 1500-ге жуық адамға ЖТМК көрсету жоспарланған.
Атап айтқанда, аруханаларда ми қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде қымбат бағалы күрделі ота түрлеріне қолжетімділік артқан.
Сондай-ақ кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары мен травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша медициналық сақтандыру шеңберінде 72 медициналық ұйым көмек көрсетеді.
Қордың басты - мақсаты осылайша халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту. Дегенмен, бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған әлеуметтік осал топты азаматтардың жағдайы ерекше назарда. Шымкент қаласы бойынша жағдайы өте мүшкіл Е санатындағы 9555 адам тіркелген. Жарна төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үкімет назарынан тыс қалмауы тиіс. Сол себепті қазір барлық жауапты құрылым өкілдері ол азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстарды атқаруға кіріскен.