ШЫМКЕНТ: ​МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН ЖАБДЫҚТАУ ҮШІН СУБСИДИЯҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

0
161


ШЫМКЕНТ: ​МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН ЖАБДЫҚТАУ ҮШІН СУБСИДИЯҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында арнайы жұмыс орнын жабдықтау үшін жұмыс берушілердің шығындарына субсидия қаралған.

Субсидия арнайы жұмыс орнына жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін беріледі.

Жұмыс берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
1) арнайы жұмыс орындарының стандарттарға сәйкес келуі;
2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап сақтау;
3) жұмыс берушіде жалақы бойынша берешектің болмауы;
4) есептелген салықтар, алымдар және бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;
5) Ерекше азаматқа лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеуін қамтамасыз етуі
Толық ақпарат алу және өтінім беру үшін қалалық “ Еңбек мобильділігі” орталығына хабарласу қажет.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі 89, 5-кабинет.
Байланыс нөмірі:+77016040494
Бөлісу