ШЫМКЕНТ: ОҚМПУ цифрландыру жүйесін қолға алды

0
786

Келісім аясында ОҚМПУ қаладағы ең алғаш құрылған жоғары оқу орны ретінде цифрландыру жүйесін де бірінші бірі болып іске асырмақшы.


ШЫМКЕНТ: ОҚМПУ цифрландыру жүйесін қолға алды

Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Tolem электронды компаниясы арасында цифрлы кеңістікті жылжытудағы әріптестікті нығайту бойынша келісімге келген болатын. Онда «Digital road» IT саласындағы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Сержан Зиябекұлы ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді ілгерілетуде университет басшылығына өз жобасын ұсынған.
Жобада ақпараттық технологиялардың үздік моделдерін білім беру бағдарламасымен ұштастырып, технологияның білім мен ғылым саласына кірігуінде блокчейн-индустрияның озық тәжірибелік ортасын құру бастамасы көтерілген.
Келісім аясында ОҚМПУ қаладағы ең алғаш құрылған жоғары оқу орны ретінде цифрландыру жүйесін де бірінші бірі болып іске асырмақшы.
Унивеситеттің қызметтер сервисін цифрландыру шеңберінде студенттердің цифрлық картасын актуалды сервистермен толықтыруды, жайлы кампус, жайлы университет идеясын іске асыруды, қазақ тіліндегі контент жасақтауды, үздік ІТ моделдері негізінде бірыңғай сервистік платформа құруды мақсат тұтып, «Digital Road» компаниясымен бірлесе ақпараттық сервистерді өзара кіріктіру мәселесін қарастырдық. Tolem электронды төлем жүйесінің платформасы арқылы университеттегі бірқатар сервистерді бірыңғай электронды платформаға көшіру мүмкіндіктерін таразылайтын боламыз, – деді ОҚМПУ басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева.
Цифрландыру қазіргі күні әлемдік трендке айналып үлгерді. Озық елдердің қатарында болуды көздеген біздің ел үшін де цифрландыру мәселесі өзектілікке ие. Сондықтан бұл бастаманың маңызы зор.
ІТ саласындағы ықпалдастық байланыстарымыз алдағы уақытта бәсекелестік нарықта лайықты орны бар ақпараттық технологияларды ілгерілету, қоғамда цифрлық сауаттылықты көтеруге үлес қосу, іргелі ІТ стартап жобаларын құру, жастарды ұтымды ІТ шешімдер қабылдауға үйрету бағыттарында өрбиді, – дейді «Digital road» IT-кәсіпкерлер қауымдастығы ЗТБ басшысы Сержан Ақылбаев.