ШЫМКЕНТ: ​ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

0
93


ШЫМКЕНТ: ​ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Өткен аптада халықпен көшпелі кездесулерде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке 18 маусымда болған өрт салдарынан зардап шеккен Тұран ауданындағы 1 мамыр көшесіндегі екі қабатты үйдің тұрғындары жүгінді.

Кеше әкім оқиға орнына барып, бүлінген ғимаратты қарап, тұрғындармен кездесті. Адам өмірін қиған өрттің салдарынан 19 пәтердің 11-і өрттен зақымданды. Көптеген отбасылар баспанасыз қалды.
Мегаполис басшысы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Кездесу барысында зардап шеккендерді қолдау шаралары мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, өзекті мәселелер пысықталды.
Қорытындылай келе, азаматтарға бірдей тұрғын үй беру ұсынылды. Шымкент Сити, Тұран шағын аудандарындағы пәтерлер қарастырылып отыр.
Қала әкімі кешенді жұмыстардың нәтижесінде қайғылы жағдайдың салдарын еңсеріп, адамдардың қалыпты өмірге тез оралуын қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.
Бөлісу