ШЫМКЕНТ: "Отанға құрмет - әрбір жасқа міндет" тақырыбында кездесу өтті

0
918

Аталған іс шараның мақсаты - жастарды елінің патриоты болуға баулу, сонымен қатар Отанға деген құрмет көрсете отырып рухани жігерлерін арттыру.


ШЫМКЕНТ:

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы және Аутрич, Neet және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай «Отанға құрмет-әрбір жасқа міндет» атты кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс шараның мақсаты - жастарды елінің патриоты болуға баулу, сонымен қатар Отанға деген құрмет көрсете отырып рухани жігерлерін арттыру.

Кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының депутаты «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Шымкент қаласының Жауынгерлік өнер Ассоциациясының директоры Қуандық Сұлтанғали Нұрлыбайұлы және Шымкент қаласы бойынша "Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı" орталық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді және Шымкент қаласы «Политехникалық» колледжінің жастары қатысты.