ШЫМКЕНТ: Өтегенов көшесінің құрылысы жақында аяқталады

0
899

Өтегенов көшесінің 1-кезеңі “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды.


ШЫМКЕНТ: Өтегенов көшесінің құрылысы жақында аяқталады

Шымкент қаласындағы Өтегенов көшесінің жол құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өтегенов көшесінің 1-кезеңі “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды.

Көшенің жалпы ұзындығы 1205 шақырым, ені - 28 шақырым. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты.
Аталған нысан бойынша алдымен автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда, асфальт жабындысының 2-ші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Мамандардың айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары қараша айының 10-на дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, шағал тас төсеу, ирригациялық арық және тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.
Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 270 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталған.