ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды

0
675

4 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


ШЫМКЕНТ: Өткен тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 19 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 15 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 213 орын бар. Төсек-орын толымдығы 11 %-ды құрайды, 188 төсек-орын бос.
Бір тәулік ішінде қалада 1 417 адам вакцина алды: I компонент- 238, II компонент- 1 199. Егу науқаны басталғалы барлығы 592 478 адам вакцинацияланды. Сондай-ақ, 32 282 адам ревакцинацияланды.