Оның ішінде 269 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 296 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 8 тамыз күні КВИ-дің 565 жағдайы (белгілері бар – 479, белгілері жоқ – 86) тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 269 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 296 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек-орын толымдығы 77%-ды құрайды, 799 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 2781 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 381 науқас ем қабылдауда.
Соңғы тәулікте қалада 2708 адам вакцина алды (I компонент-890, II компонент-1818). Егу науқаны басталғалы барлығы 384 040 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 304 289 адам вакцинаның екі компонентін де алған.