8 адам үй бақылауына алынды.
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 8 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
8 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда барлығы 263 орын бар. Төсек-орын толымдығы 23 %-ды құрайды.
Бір тәулік ішінде қалада 2737 адам екпе алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 590 799 адам вакциналанды. Оның ішінде 564 536 адам вакцинаның екі компонентін салдырды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 10 860 адам, II компонентін 3 460 адам қабылдады. Жалпы 14 771 адам ревакцинацияланды.