ШЫМКЕНТ: педагогтер жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды талқылады

0
86

Биылғы іс-шара «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында ұйымдастырылды.


ШЫМКЕНТ: педагогтер жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды талқылады

Шымкентте білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған педагогтердің қалалық тамыз конференциясы өтті.

Биылғы іс-шара «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында ұйымдастырылды.

Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, білім саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, цифрлық білім беру платформаларының үйлестірушілері, мектеп директорлары мен педагогтер, ата-аналар, ардагер ұстаздар, қоғамдық кеңес және әдеп кеңесінің мүшелері қатысты.
Тамыз конференциясында білім сапасын арттыру мен адами капиталды дамытуға қатысты маңызды мәселелер ортаға салынды. Педагогтердің кәсіби әлеуетін нығайту, тәрбиелік жұмысты жетілдіру, цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу және инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.
Сондай-ақ 2025–2026 оқу жылының нәтижелері қорытындыланып, жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттер талқыланды. Білім берудегі өңірлік бастамалар мен цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін пайдалану, «Адал азамат» тәрбиесінде мектеп пен отбасының өзара байланысын күшейту мәселелеріне де назар аударылды.
Конференция барысында айтылған ұсыныстар алдағы уақытта білім беру саласындағы нақты жұмыстарды жоспарлауға негіз болмақ. Іс-шараның жалғасы секциялық жұмыстар форматында өтіп, жаңа оқу жылына арналған міндеттер педагогикалық ұжымдарда кеңінен талқыланды.
Бөлісу