​Шымкент полициясының басшысы бірінші сынып оқушыларын алғашқы қоңыраумен құттықтады

0
61

Полиция департаментінің бастығы жас өрендерге сабақты жақсы оқып, білімді де тәрбиелі азамат болып қалыптасуына тілек білдірді.


​Шымкент полициясының басшысы бірінші сынып оқушыларын алғашқы қоңыраумен құттықтады

Бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алғашқы қоңырау салтанатына қатысты.

Бұл күн – балалар үшін ерекше әрі маңызды күн. Олар мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім әлеміне жол ашты.
Полиция департаментінің бастығы жас өрендерге сабақты жақсы оқып, білімді де тәрбиелі азамат болып қалыптасуына тілек білдірді. Сондай-ақ мектепке келіп-кету жолдарында сақтық танытып, жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңызын атап өтті.
Салтанатты шара соңында бірінші сынып оқушыларына естелік сыйлықтар табысталып, алғашқы мектеп күндерінде оларға қуаныш сыйлады.
Бөлісу