Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірлесе «ЮПЭКс» ЖШС-да қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістегі жарақаттың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жабдықпен, станоктармен және механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларына, сондай-ақ кәсіпорындағы қауіпсіздік ережелерінің, нұсқаулықтардың сақталуын қамтамасыз етуге және бақылауға ерекше назар аударылды.
Кездесулер қызметкерлердің қауіпсіз еңбек ережелерін, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.