ШЫМКЕНТ: Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер артығымен орындалды

0
572

Мемлекеттік бюджет 126,2% орындалып, бюджетке 9743,0 млн. теңгеге артығымен қамтамасыз етілді.


ШЫМКЕНТ: Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер артығымен орындалды

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер артығымен орындалуда деп, хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Еңбекші аудандық кірістер басқармасының басшысы Сәбит Темірәлиев 2022 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша өткізілген брифинг барысында мәлімдеді.
«Еңбекші аудандық кірістер басқармасында мемлекеттік бюджет 126,2% орындалып, бюджетке 9743,0 млн.теңгеге артығымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: республикалық бюджет бойынша түсімдердің өсу қарқыны 133,2% орындалса, жергілікті бюджет бойынша бұл көрсеткіш 123,2% орындалып отыр»,- деді спикер.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жеке тұлғалардың көлік және мүлік салығы бойынша берешегі 441 141 млн. теңгені құрап отырғандығын және азаматтарға мүлік салығы бойынша 12 111 хабарлама, көлік салығы бойынша 10 456 хабарлама жолданғандығын атап өтті.
Айта кету керек алдағы уақытта «E-Salyq Business» қосымшасын фермерлер мен шаруа қожалықтары да пайдалана алатындай етіп, функционалдық аясын кеңейту жоспарлануда.
Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery арқылы жүктеуге болады.