Әлем мұсылмандары үшін қасиетті «Рамазан» айында мұсылман қауымының басы қосылып күнделікті үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында ауызашардың ұйымдастырылатын кезеңі.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың салауаттылығын, отбасыларыңыздың, жақын адамдарыңыздың денсаулығын ойлап, тағамнан уланудың алдын алу бағытында төмендегі қысқаша сақталынуға қажетті талаптарды ұсынады:
Үй жағдайында:
-қонақтардың қол жууына жағдайдың болуын;
-тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыруын;
-шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуын;
-үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізуін;
-ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет, сақталу талабы сақталынбағанда келесі күні пайдаланбауды;
-терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау маңызды.