Шымкент "сары" аймаққа қайта енді

0
307

Қалада 16 қыркүйек күні КВИ-дің 102 жағдайы тіркелді.


Шымкент

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздегі «сары аймақтар» қатарына енді. Қалада 16 қыркүйек күні КВИ-дің 102 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 84, белгілері жоқ – 18). Оның ішінде 67 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 35 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 643 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 874 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 762 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 308 төсек орын бар, 146 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 7009 адам вакцина алды (I компонент-4859, II компонент-2150). Егу науқаны басталғалы барлығы 477 496 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 392 630 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ өткен тәулікте 434 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 18 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.