ШЫМКЕНТ: Сәуле шағын ауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
875

Асфальт салу жұмыстарын мердігер мекеме «БАЗИС-К» ЖШС атқарып жатыр.


ШЫМКЕНТ: Сәуле шағын ауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Сәуле шағын ауданында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағын ауданы аумағындағы 195 орамда орналасқан Қызылтас көшесіне орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда.

Бекітілген сметалық құжаттамаларға сәйкес көшенің ұзындығы 560 метр, ал ені 5 метр жолға асфальт қабаты төселді.

Қазіргі таңда көшедегі асфальт салу жұмыстарын мердігер мекеме «БАЗИС-К» ЖШС атқарып жатыр. Ал техникалық қадағалау жұмыстарын «CAPITAL STROI COMPANY» ЖШС атқаруда.

Айта кетейік, Шымкент қаласында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы қалада жалпы ұзындығы 189,7 шақырым жол пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде баяндады. Биыл 182 жобаның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 20 жобада қайта құру, 3 күрделі жөндеу және 159 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселіп, 178 жаңа аялдама орнатылады. Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша 2021 жылы ауқымды жоба жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысымен Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы айналма жол салынып, пайдалануға берілді. 2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда. Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді.

Олар: Ақжайық шағын ауданы, Ақжирен көшесі, Самал-2 шағын ауданы, Жабай ата көшесі және Жандосов өткелі. 2023 жылы Айқап-Түркістан шағын ауданы Беткей көшесі, Ақжайық шағын ауданы, Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 шағын ауданы, Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді.

2024 жылы Ақжайық шағын ауданы, Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 шағын ауданы, Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді. Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді.