Шымкент сити және Тұран шағынауданын жарықтандыру және бағдаршам мәселелері шешімін тапты

0
200


 Шымкент сити және Тұран шағынауданын жарықтандыру және бағдаршам мәселелері шешімін тапты

Шымкент сити және Тұран шағынаудандарының кейбір көшелеріндегі бағдаршамдар мен жарық шамдар жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған болатын.

Жол қауіпсіздігі шараларының жеткіліксіздігінен жол-көлік оқиғалары жиілеп, тұрғындар тарапынан аталған мәселелерді шешу жөнінде өтініштер түсті.

Бағдаршам орнату жұмыстары бойынша 2024 жылы тұрғындардың сұранысына сәйкес қажетті аймақтарда бағдаршамдар орнатылып, толық іске қосылды.
Тұран шағынауданында – 20 бағдаршам
Шымкент сити шағынауданында – 12 бағдаршам
Көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша қараусыз қалу салдарынан кейбір көшелерде жарық шамдарының жарамсыздығы анықталды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде Шымкент сити шағынауданының басты жеті көшесі толық жарықтандырылды.

Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын алдын алуға бағытталған. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады.

Бөлісу