ШЫМКЕНТ: ​ТЕҢГЕ ІЛУДЕН АЗИЯ КУБОГІ АЯҚТАЛДЫ

0
379


ШЫМКЕНТ: ​ТЕҢГЕ ІЛУДЕН АЗИЯ КУБОГІ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Шымкент қаласының әкімдігі және ҚР теңге ілу федерациясының ұйымдастыруымен теңге ілуден III Азия Кубогі өтті.

Халықаралық сынға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының 4 спортшысы және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Ресейден 23 спортшы қатысты.
Жарыстың алғашқы күні ашылу салтанаты және «Жеті құт», «Бес белес» стильдері бойынша үздіктер анықталды. Бүгін «Қос құлаш» стилінің жеңімпазы анықталып, үш стиль бойынша жеңімпаздарды марапаттау өтті. Сондай-ақ, үш стиль бойынша үздіктер жарысып Үздік Теңге ілуші анықталды.
Аталған жарыс үшінші жыл қатарынан тұрақты түрде өтуде. Халықаралық жарыстардың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының халықаралық дәрежеде дамуына септігін тигізуде.
Жарыс нәтижесі бойынша “Бес белес” стилінен СЕЙДАХМЕТ РУСЛАН (Қазақстан) алтын медальді қанжығаға байлады. Күміс медальді ЕРКІНБЕК ӨМІРТАЙ (Моңғолия) иеленіп, қола медальді Эсенбек уулу Азим (Қырғызстан) қанағат тұтты.
“Жеті құт” стилі бойынша алтын медальді САПАР БЕЙБАРЫС (Қазақстан), күміс медальді Бақтыбай Саят (Қазақстан), ал қоланы Егамбердиев Қодиржон (Өзбекстан) алды.
“Қос құлаш” стилі бойынша Әсімжан Нариман (Қазақстан) алтын медальді, ал күмісті Мелис Наурызбек (Моңғолия) жеңіп алды.
Үш стиль үздіктері өзара жарысып, Сапар Бейбарыс “Үздік Теңге ілуші” атанды.
Бөлісу