Енді Тұран ауданының тұрғындары кез келген ХҚО-на барып, барлық мемлекеттік қызметтерді кедергісіз ала алады.
Шымкент қаласының Тұран ауданында ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толық қолжетімді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері мәлімдеді.
Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан тіркелген салық органының коды берілді. Енді Тұран ауданының тұрғындары кез келген ХҚО-на барып, барлық мемлекеттік қызметтерді кедергісіз ала алады.