ШЫМКЕНТ: «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті

0
528

Аталған шараға республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатысты.


ШЫМКЕНТ: «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті

Шымкент қаласындағы №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараға республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатысты.
Біздің әкелеріміз 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сол кісілердің Отанға деген сүйіспеншілігін көріп, тәрбиесін, ақыл-кеңесін тыңдап өстік. Қазіргі жастарда бұрынғы елін, жерін қорғаған батырларымыз сияқты мықты, қайсар азамат пен азаматшалар болса екен деймін. Осы мақсатта жастар арасында патриоттық іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз, - дейді «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагері Үсенбатыр Мырзамбайұлы.

Іс-шара барысында оқушылар Отан, туған жер, қайсар да батыл бабаларымыздың ерлігі жайында өлең оқып, сахналық көрініс көрсетті.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті.

Одан бөлек, Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №49 жалпы орта мектепте «Ер - елінің қорғаны» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Аталған шараның мақсаты - жастарды ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттеріне дәріптеу.

Кездесуге Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері Махамбетов Абдумалик, Дехканбаев Абдусамат және «Жани» қоғамдық қорының директоры Асан Жазира Тілеубергенқызы қатысып, жастарды елін, жерін сүюге, Отанды құрметтеуге шақырды.

Кездесу соңында «Жани» қоғамдық қорының директоры «Қазіргі бейбіт күннің батыры – ерікті жастар екенін» жеткізіп, жастарды бос уақытын тиімді пайдаланып, ерікті болуға шақырды.