Жоба негізінде жастар денсаулығына да басымдық берілмек.
Бүгін Шымкент шаһарында қалалық №6 емханада үздік тәжірибелік орталығының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай Қосиябекұлы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысты.
– Мұнда бастапқы санитарлық-медициналық көмек пен мейіргерлік ісінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қызметтерді үлестіру және психолог мамандармен жұмыс жасауға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Науқасты емдеу және аурудың алдын алу процестеріне пациенттердің өздері мен жақындарын қатыстыруға да баса назар аударылмақ. Негізінде емханалар қызметінің 50 пайызы осындай профилактикалық бағытқа айналғаны дұрыс. Өйткені, біздің медицинамыз толықтай ауру адамдарға жұмыс істемей, сау адамдарға ауырмаудың жолын көрсете алатын болуы керек, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Емханада алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі, потранаттық қызметтің әмбебап прогерссивті моделі кабинеті, отбасылық денсаулық орталығы, Әл-Фараби Жастар денсаулық орталығы ашылған. Бұдан бөлек медицинадық мекемеде бұрын соңды болмаған қарапайым халықтан құралған ақылмандар кеңесі, халық комитеті құрылды. Оның мақсаты денсаулық сақтау ұйымы мен халық арасындағы байланысты күшейте отырып, сенімін арттыру.
Үздік практиканы енгізу аясында емханада бұрын соңды болмаған қарапайым халықтан құралған ақылмандар кеңесі, халық комитеті құрылды. Оның мақсаты денсаулық сақтау ұйымы мен халық арасындағы байланысты күшейте отырып, сенімін арттыру. Жоба негізінде жастар денсаулығына да басымдық берілмек. Бұл үшін жастар денсаулық орталығы ашылып, жұмысын бастады.
Сондай-ақ медициналық мекемеде GPS навигациясы базасында аймақтық медбикелердің қызмет көрсету аумағына балайланысты аула аралау жұмысын қадағалауға арналған бақылау жүйесі енгізілді. Нәтижесінде емханадағы нәрестелер өлімі көрсеткіші 2022 жылдың 7 айында 7,2 пайызды құраса, 2023 жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша 5,9 пайызға ( Шымкент қаласы бойынша көрсеткіш 7,5 пайыз) төмендеді.
Емханада QR-код әдісімен барлық аймақтық дәрігерлер мен бейінді мамандардың аты-жөндері, жұмыс уақыты көрсетілген және қабылдауда болған науқастар өздерінің пікірін қалдыра алады.