Іс-шараға Түркістан индустриялдық құрылыс колледжінің студенттері және де тәжірбиелі психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы қатысты.
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдердің арасында девиантты мінез-құлықтың алдын-алу және өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту.
Іс-шараға Түркістан индустриялдық құрылыс колледжінің студенттері және де тәжірбиелі психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы қатысты.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі:
- отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы;
- əке-шешесінің теріс үлгісі немесе ата-ананың біреуінің болмауы;
- үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасындағы жағымсыз ахуал, тұла бойы болып тұратын ұрыс, жан-жал т.б. баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу.
Өкінішке орай, отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзету қиын.
Девиантты мінез-құлық - балалар мен жасөспірімдердің жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекеттері,оқудан қасақана жалтару, отбасынан немесе балаларды оқыту –тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі келіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауы, қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы.
Айта кетейік, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беруге бағытталған «Болашаққа қадам» жобасы өткізілді. Аталмыш жоба аясында мектеп оқушылары "Азаль" фабрикасына экскурсия жасап кәсіпорынның жұмыс барысымен ондағы мамандармен жақынырақ танысып қайтты.
Еске сала кетейік, жоба аясында қаламыздағы бітіруші мектеп оқушылары белгіленген кесте бойынша түрлі кәсіпорындарға экскурсия жасауда.