ШЫМКЕНТ: "Жастар арасында құқық қорғау органдарында қызмет етуді дәріптеу" тақырыбында іс-шара өтті

0
599

Іс-шара барысында қатысушылар арасында өз-ара пікір алмасып, жастарға толыққанды мәліметтер берілді.


ШЫМКЕНТ:

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастырумен "Жастар арасында құқық қорғау органдарында қызмет етуді дәріптеу" тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шара "Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандырылған күзет қызметі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің және "Әбілхан Қастеев атындағы Шымкент қалалық өнер және дизайн колледжі" студенттерінің қатысуымен өтті.

Сондай-ақ іс-шара барысында қатысушылар арасында өз-ара пікір алмасып, жастарға толыққанды мәліметтер берілді.