ШЫМКЕНТ: жастар фабрикадағы өндіріс процессімен танысты

0
315


ШЫМКЕНТ: жастар фабрикадағы өндіріс процессімен танысты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау арқылы еліміздегі жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын атап көрсетті.

Осы орайда, жастарға кәсіби бағыт беру және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру мақсатында Жастар ресурстық орталығы бітіруші түлектерге арналған арнайы экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында оқушылар Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан екі ірі тоқыма фабрикасы — «Bal Tekstil» ЖШС және «Balabi Textile» ЖШС-ның жұмыс процесімен танысты. Қатысушылар фабрикалардың өндірістік технологияларын, заманауи жабдықтарын және кәсіпорындардың жұмыс принциптерін жан-жақты зерттеп, толық ақпарат алды.
«Bal Tekstil» фабрикасы Қазақстандағы ең ірі тоқыма кәсіпорындарының бірі болып табылады және бүгінде 370 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл кәсіпорынның жұмыс процесі мен заманауи технологиялары болашақ мамандарға үлкен тәжірибе мен бағыт-бағдар ұсынды. Экскурсия арқылы жастар жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсініп, өздерінің кәсіби жолдарын таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндігі бар.
Бөлісу