ШЫМКЕНТ: Жастар қозғалысының жетекшілерімен кездесу өтті

0
276

Аталған кездесудің мақсаты - жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларының жинағы және БАҚ-та ақпаратты орналастыру.


ШЫМКЕНТ: Жастар қозғалысының жетекшілерімен кездесу өтті

Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің және Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің" Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен TedX форматында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесудің мақсаты - жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларының жинағы және БАҚ-та ақпаратты орналастыру. Сонымен қоса, жастардың бір-бірімен өзара байланысы, қоғамдық іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыру.

Аталмыш кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова және Шымкент жоғары медицина колледжі студенттері қатысты.