«Шымкент жастар лигасы»: Волейболдан №108 мектеп командасы жеңіске жетті

0
750

Аталған сайыс №135 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.


«Шымкент жастар лигасы»: Волейболдан №108 мектеп командасы жеңіске жетті

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған сайыс №135 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. Қыздар арасындағы волейболдан № 108, 68, 114, 80 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста №108 мектептің қыздары жеңімпаз атанып, келесі ойынға жолдама алды.

Волейбол жарысына осымен 12 мәрте қатысып отырмыз. Барлық ойында үздік нәтижеге жетіп отырғанымыз жаттықтырушымыздың үздіксіз еңбегінің арқасында деп санаймыз. Бүгін де қарсылас команданы жеңеміз деп ойдағыдай дайындықпен келдік, - деді жеңімпаз команданың мүшесі Сарвиноз Мирпайизиева.

«Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өтеді. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады. Лига командаларын қолдау бойынша қатысушы әрбір мектептен фанклубтар жасақталды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет «Шымкент жастар лигасы» жобасы қала жастарының арасында ұйымдастырылған болатын. «Шымкент жастар лигасы» жобасы алғаш рет наурыз- мамыр айларында жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткен болатын. Мектеп оқушылары лигасына қатысуға 147 білім ұйымдарынан 548 командадан өтініш түсіп, ал жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 оқу орнынан 98 команда (оның ішінде 7 жоғары оқу орындары және 30 орта арнаулы оқу орындары) қатысуға өтініш берген болатын.