​ШЫМКЕНТ: Жастар ресурстық орталығының басшысы студенттермен кездесті

0
784

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы жолдауындағы жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.


​ШЫМКЕНТ: Жастар ресурстық орталығының басшысы студенттермен кездесті

Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов Политехникалық колледжінің жалынды жастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы жолдауындағы жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Сондай-ақ, кездесуде Әл-Фараби ауданың полиция департаментінің өкілідері қатысып студенттерге ата-ананы құрметтеу, жаман әдеттерден аулақ болып, бос уақытын тиімді пайдалану, нашақорлықтың алдын алу тақырыптары төңірегінде сөз қозғады.

"Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жастар арасындағы негізгі мәселе жұмыспен қамту, отбасы құндылығы секілді бағыттарда жұмыстар іске асырылуда. Сондықтан, жас буын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын сезінуі керек", – деді Мағжан Исахов.

Айта кетейік, Шымкентте 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.